Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 13 Наурыз 2024

Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді

сот
Фото: Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

12 наурызда Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау аяқталды. 

ktk.kz мәліметінше, сот залына БАҚ өкілдері жіберілмей, онлайн қатысқан. Ал, соттың келесі отырысы 27 наурызда өтеді. 

«ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында және 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Қ. Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауы тағайындалды. Басты сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласы, Кенесары көшесі, 3 мекенжайында алқабилердің қатысуымен өтеді», - деді судья Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ, судья ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 320, 321-баптарын басшылыққа ала отырып, күдікті Қ. Бишімбаев пен Б. Байжановтың қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

«Прокурорға айыптау актісінің көшірмесін сотталушының қорғаушыларына тапсыру міндеттеледі. ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-тармағының 1-тармағында, 99-бабының 2-тармағының 5-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталушының Қ. Бишімбаевқа қатысты және ҚР Қылмыстық кодекстің 432, 434-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталушының Б. Байжановқа қатысты басты сот отырысында аудио және бейнежазба құралдары қолданылады», - деді судья.

Сонымен қатар, судья Құлбаева басты сот отырысына алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидатты шақыруды талап етті. Сот ісі орыс тілінде жүреді.

Одан бөлек, Бишімбаевты қамау мерзімі оның ісі сотқа түскен күннен бастап 6 айға дейін ұзартылады.

 

Фото: Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты