Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:08, 22 Сәуір 2024

Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист Ксения Собчак келді

а
Фото: из открытых источников

22 сәуір күні түстен кейін қайта жалғасқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты.

Ол сот залында марқұм Нүкенованың туыстарының қасында, отбасының адвокаттарының артына жайғасқан. Бұл ретте қазақстандық БАҚ 1,5 сағатқа ғана залға кіріп, отыруға мүмкіндігі болмай, сырттан бақылаған. Ал, Собчактың сотқа қандай мақсатпен қатысқаны әзірге белгісіз.

Ол бұған дейін сот процесі туралы өз пікірін жазған.

«Он мыңдаған көрермендер бақылаған соттағы тікелей эфирдің арқасында айыпталушының адвокаттары кінәні өлтірілген әйелге аударып, оның абыройын түсіруге тырысып жатқаны белгілі болды. Атап айтқанда, қорғаушылар Нүкенованың қызғаныш сезімі, оның басқа ер адамдармен қарым-қатынасы туралы сұрақтар қойып, маскүнемдікке салынғанын айтты. Осыдан кейін әйелдер өздерінің шараппен түскен фотоларын және «Мені бір стақан шараппен көргенің мені өлтіре алатыныңды білдірмейді» деген жазуды жаппай жариялай бастады. Ханымдар, мен сіздермен біргемін және қатты қолдаймын», - деп жазды Собчак.

Айта кетейік, қазір шетелдік БАҚ Бишімбаев сотын қайта трансляциялауға рұқсат сұрап, Еуропада Нүкеновалар отбасын қолдап митингілер өтіп жатқаны белгілі.

Фото: ulysmedia.kz

Тегтер: