Әлеумет

Биыл оралмандарға квота азайды

Биылоралман қабылдауға арналған өңірлік квота азайды. 2020 жылы 1378 адамға ковтаберілмек.

Биыл оралмандарға квота азайды

Былтыр 2031 адамға квота бөлінген еді. Бұл туралы «Жас АЛАШ»Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынасілтеме жасапхабарлайды.

Үкіметбөлген квота шетелден келген қандастарды солтүстік облыстарға қоныстандырадыекен.

«Аталған қаулыны қабылдаудың мақсаты ҚР Үкіметібелгілеген өңірлерде оралмандарды оңтайлы орналастыру болып табылады. 2020 жылыквота былайша бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 500 адам, Қостанай облысыбойынша – 350, Ақмола облысы бойынша – 258, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-150,Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 120. Оралмандарды қабылдаудың өңірлікквотасына енгізілген адамдарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппайкәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілетінболады: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғытөлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеубойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2мың теңге)», — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ресмиақпаратқа сәйкес 2019 жылы 17, 667 мың қазақ атамекеніне көшіп келген. Ал 1991мен 2020 жыл аралығында  1 057 280қазақ Қазақстанға қоныс аударды.

Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясының мәліметінше 45 мемлекетте 5миллионан аса қазақ этникалық қазақтар өмір сүреді.

Фото: tengrinews.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз