Әлеумет

Бізді құлға айналдырды

Ақтөбеде локомотив пайдалану депосының жүздеген жұмысшысыбасшыларының орнынан кетуін талап етіп, наразылыққа шықты.

Бізді құлға айналдырды

Сөздерінше басшыларықол астындағыларды құлша жұмсайды, ұжымға қысым көрсетеді. Қызметін асырапайладанатын ол  тіпті дұрыс қол беріпамандаспағандарды боқтап, соңына түсіп, қызметте төмендетуге дейін барады дейдінаразы топ. Осылайша қызметтегі қысымның тоқтауын талап еткен жұмысшыларпрокуратураға ашық хат жазып жолдамақшы.

Бес жыл бойы басшылықтың қысымына шыдап келдік дегенжүздеген жұмысшылар бүгін бастықтарының орнынан кетуін талап етті. Осы күнгедейін жұмыстан айырылып қаламызба деген қорқынышпен үндемей төзіп келдік дейді.Сөздерінше басшылық жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. Артық сағат  түгілі жұмыс барысында алған жарақатқа да материалдық көмек көрсетілмейді екен.

«Ұжымныңжартысынан көбі, сексен пайызы жиналып тұрмыз. Айлығымыздың бес жыл бойыөзгермеуі, жылма жыл процент қосылады дейді. 7-8 пайыз ол корешоктакөрсетілмейді. Артық сағат төленбейді. Қысқасы, құл болып жүрміз. Талабымызбасшыларды орынан алып, иманды дұрыс жігіт келіп отырсын», — дейді тепловозмашенисті Жұмабек ЫЫСҚАҚОВ.

Қол астындағы қызметкерлерінің қарсылығынан қысымыкөтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан басшы қызметкерлерге  қысым көрсетпедім, құлша да жұмсамадым  деп отыр. Сөзінше біреуге қарсы шыққан жүздіңсөзі жалған болуы мүмкін.

«Мен ондайжұмыста қысымшылық дегенді мойындамаймын. Сұрасақ біз өзіміздің тәртібіміз,инструкциямыз бойынша сұраймыз», —  дейдіАқтөбе локоматив пайдалану депосының басшысы Талғат МЕДЕУБАЕВ.

Наразылыққа жиналған жұмысшылардың алдына облыстық еңбекинспекциясынан бастап Ақтөбедегі темір жол басқармасының басшыларына дейінжетті. Шағым түскен басшының үстінен тексеріс басталыпты.

«Бұл іспен қазіржол прокуратурасы, еңбек инспекциясы, жол бақылау инспекциясы айналысып жатыр.Әрбір пунктпен, оның ішінде проценттерінің төленбеуі, әдепке қатысты шағым дақаралады. Біздің өзімізде де ішкі комиссия құрылды. Тексеріп болып қорытындысышығарылады. Содан кейін шешім қабылданады», — дейді Ақтөбе жол бөлімшесініңдиректоры Айбек ТАЛАОВ.

Жұмысшылар басшыларынан осы күнге дейін көріп келгеназаптарын жіпке тізіп, ашық хат та жазып қойыпты. Жүзге жуық қызметкердің қолықойылған бұл хатты прокуратураға апарып тапсырмақ. Талаптары, қоластындағыларын құлша жұмсайтын басшы және оның орынбасары мен кәсіподақұйымының төрағасының үстінен тексеріс жүргізіп, қызметтен шеттету.

Фотоларавтордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз