Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:23, 12 Сәуір 2024

БҚО-да 13 068 адам эвакуацияланды

а
Фото: из открытых источников

БҚО-да су тасқынына байланысты 13 068 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

БҚО-да жалпы қауіп - Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі болып тұр. Қазір Көршілес РФ Орынбор облысы Иреклі су қоймасынан келетін судың жылдамдығы 720 текше метрге дейін түсті.

«Жайық өзеніндегі судың деңгейі - 7 метр 31 см. Өткен тәулік бойынша 7 см көтерілгені байқалды. Оның қауіпті деңгейі 850 см болып есептеледі. Облыста 25 мыңнан астам қапшық төселді. Өңірдегі жағдай бірқалыпты күрделі және қатаң бақылауда», - деді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Қазіргі таңда 13 068 адам эвакуацияланды, оның 1800 астамы эвакуациялық пунктерде орналасқан. Жалпы, 161 эвакуациялық пункт бар. Бүгінде оның 20 жұмыс істеп жатыр, 14-і Орал қаласында, қалған алтауы аудандарда орналасқан. 

Фото: uralskweek.kz                    

Тегтер: