Әлеумет

БҚО-да 37 жолаушы мінген автобус өртенді

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Самара – Шымкент тасжолында жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртеніп кетті.

1

Автобус Орал – Қаратөбе бағыты бойынша қатынап бара жатқан.

Оқиға кезінде автобустың ішінде 37 адам болған. Олардың арасында балалар мен қарт адамдар да бар. Жолаушылар өртті дер кезінде байқап, төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін автобустан өздігінен шығып үлгерген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткен. Өртті сөндіруге сегіз құтқарушы мен екі арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта автобустың неден өртенгені анықталып жатыр.

Тегтер: өрт
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз