12:26, 14 Қазан 2024
Білім министрлігі Жітіқарадағы өртте қаза тапқан бес баланың өліміне ата-анасын кінәлады
Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Нәсімжан Оспанова Қостанай облысындағы өрттен бес бала қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Шенеуніктің айтуынша, балалармен болған жазатайым оқиғаларға олардың ата-аналары жауапты.
«Өкінішке орай, ата-аналардың кішкентай балаларды қараусыз қалдыруы, үйлерінен салғырттықпен кетуінің салдарынан балаларымыздың басында осындай апат орын алуда. Бес баласы қайтыс болған осы бір отбасы туралы айтатын болсақ, жауапкершілік тек ата-анаға жүктеледі», - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, 11 қазан күні Қостанай облысының Жітіқара қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Оқиғаны Бас прокуратура бақылауға алғанын мәлімдеді.