Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:17

Блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып өлтірген

а
Фото: instagram.com/alibekovkz
Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып кеткен.

Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында арнайы трюк жасау кезінде болған. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігіні үстінен секіруі керек еді. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды.

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған. 30 қазан күні жас жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға “ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Оқиғаға қатысты блогер Бейбіт Әлібеков түсіндірді.

Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді берген болатынмын. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде орын алған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Әлібеков.