спорт

Боксшы Теміртас Жүсіпов әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді

Ақмола облысында Көкшетаудағы отбасылық жанжалдан кейін денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Теміртас Жүсіпов

Оқиға әлем чемпионы атанған боксшы Теміртас Жүсіповтің есімі аталғаннан кейін қоғамда кең резонанс тудырды.

Жәбірленушінің әпкесі Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында оның қарындасы 29 маусым мен 1 шілде аралығында күйеуінен ауыр жарақат алғанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, әйел тұншықытыру белгісі, басындағы ашық жарақат, ми ісінуімен ауруханаға жеткізілген. Біраз уақыт ес-түссіз жатқан.

Жазба авторы оқиғадан кейін күйеуінің әйеліне қысым көрсетіп, балаларды өзіне алып қоятынын және оны психикалық ауытқуы бар адам ретінде көрсететінін айтып қорқытқанын да мәлімдеді.

Ақмола облысы полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу басталғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым күні Көкшетау тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақатын салған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен екі тараптың уәждері жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлға Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз