«Болашақ», Кадр резерві: Ел сенімі ақтала ма?
Біз үшін бұлардың қайсысының мықтылығы емес, олардың елге адал қызметі, мемлекетті жаңадеңгейге көтеруі маңызды.
«Мен жастарға сенемін» деп, Алаш арысы, аяулыақынымыз Мағжан бекер айтқан жоқ. Жаста бар рух, жаста бар жігер, жаста бар жалын түбі бір жерді жарып шығатыны анық. Тау өзеніндей арын, жанартаудай бұлқыныс, күш-қуат тек осы жастарға ғана тән. Содан да болар, жастарға барлық жерде сенім артылып жатады. Мәселен, Ресейде«Архив балалары», Түркияда «Жас түріктер», Чилиде «Чили жүгермектері», Оңтүстік-Шығыс Азиямемлекеттерінде де жастардан тұратын топтар болды. Оларға мемлекет сенім артты. Олар соны ақтады. Өз елдерін әлемдегі алдыңғы қатарлымемлекеттер санатына қосты. Міне, жастарға сенім арту деген – осы.
Біз де жастарды «елдің болашағы, мемлекеттің келешегі» деп бекер айтпаймыз. Демек, Қазақстанның кемелденген елге айналуы, өркениеттің төрінен орын алуы жастарға байланысты. Рас, тәуелсіздік алғалы бері жастарға мемлекет тарапынан анағұрлым көңіл бөліне бастады. Арнайы бағдарламалар жасалды. Әлемнің озық оқу орындарында білім алу үшін «Болашақ» бағдарламасы да іске қосылды. Әңгіменің негізгі нысаны осы «Болашақ» болмақ.
Әлқисса:«Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басымсекторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау идеясы негізінде дүниеге келген. Нақтылай түссек, 1993 жылы 5 қарашада президентНұрсұлтан Назарбаевтың қаулысыменқұрылды. Жаңадан тәуелсіздік алған жас мемлекеттің қабырғасын қалап, оны баянды ету үшін бұл бағдарламаның атқарарқызметі мол еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көздегенмақсаты да осы-тұғын. «Біздіңеліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысын бере алмайжатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмайжатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық», – депол бекер айтпаса керек-ті. Демек, жастарға сенім артты. Қазақстанды көтереді деп сенді.
«Болашақ» жарқын болашағымыздыжасай алды ма?
Сол кезден бүгінге дейін 14 мың «болашақтық» мемлекет қаржысына (бізөз күшімен барып оқығандарды қосып отырған жоқпыз) шетелдің еңтанымал оқу орындарында білім алды. Оларға жылына 30-50 мың доллар көлемінде стипендия төленіп отырды. Мемлекеттің сол қаржысы өзін ақтады ма? «Болашақтықтардың» елдің еңсесін түзеуге септегі тиді ме? Экономикада«құбылыстар» жасай алды ма? Олардан өз елдерінің экономикасына үлкен реформа жүргізіп,әлемнің озық мемлекеттері қатарына қосқан оңтүстіккореялық Пак Чжон Хи, малайзиялық Махатхир Мохамад, тайваньдық Цзян Цзинго және сингапурлық Ли Куан Ю секілді реформаторлар өсіп шықты ма? «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның бренді деп жатады. Шынымен солай болса, өзгеге үлгі болатындай «болашақтықтар» не істей алды? Дәлел, дәйек барма? Өкініштісі, жоқ. Сонда 1994 жылданбүгінге дейін шетелдің ең айтулы оқу орындарында білім алып,тәжірибе жинақтаған 14 мың жастың білімі мен біліктілігі қайда?Мысалы, біреуге диктатор, тиран, біреуге халық қамқоршысы атанған Чили басшысы Пиночет мемлекет тізгінін қолға алған жылдардың басында АҚШ-қа оқуға 4-5 жігітті жіберді. Солар білім алып келіп, елдің зейнетақы жүйесіне реформа жасады. Бұл жүйе әлем елдеріне үлгі болды. Бір қызығы, Қазақстан да осы жүйені таңдап алды. Міне, 4-5жастың бір елге сіңірген еңбегі.Мемлекеттің сенімін ақтағаны.
Албізде «Болашақпен» 14 мыңдай жас оқыды. Ел үшін не бітірді? Әрине,олардың басым көпшілігі әр салада (үкіметте,министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік секторларда)қызмететіп жүргені рас. Біразы жұмыс таппады.Тапса да, өсірмеді. Шеттен алған тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік тумады. Амалсыз күнкөрістіңқамымен шетелге кетті. «Болашақпен» оқып келгендердің қайсыбірі белді қызметке орналасты. Енді біреулерісонда жүріп қамалды. Сотталды. Жұмыстан шеттетілді. Қысқасы, «болашақтықтар»Ресейдің «Архив балаларындай», Чилидің«Чили жүгермектеріндей», Түркияның «Жас түріктеріндей» немесе Малайзияның жастарындайбола алмады.
Қазақстанның болашағын көркейтетіндей, тәуелсіздігін баянды ететіндей ірі тірліктер жасамады. Сонда мемлекеттің«Болашаққа» деп бөлген қарайған қаржысы текке желге ұшқаны ма? Бәлкім, назарды «Болашақтың» құрамында «елім, жерім, ұлтым» дейтін патриот жастардыңаздығына, керісінше, мемлекет ақшасы есебінен шетте оқығанды қыдырғанмен теңкөрген бай-бағландардың шолжаң балаларының көптігіне аударармыз. Бұлжеке әңгіме. Мүмкін, «болашақтықтарға» мемлекет тарапынан қойылатын талаптың да солқылдақтығы болар. Қалай айтсақта, қалай тартсақ та, «болашақтықтар» ел сенімінкеремет ақтады деп айту қиын. Мемлекет үшін ірі өзгерістер жасай алмады. Дегенмен олардан үзілді-кесілді үміт үзуге де болмас. Өмір алда. Ұлы өзгерістер«болашақтықтардың» қолымен жасалыпта қалар.
Кадр резерві«Болашаққа» жол аша ма?
Ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекеттің негізгі күші, келешегі жастар екеніне сенім артып отыр. Кадр резервін құрды. Қазіржастардан құрылған кадр резервінде 300 қазақстандық бар. Олардың орташа жасы – 31. Оның құрамында «Болашақпен» оқып, тәжірибе жинақтап қайтқандар да баршылық.Алды қызметке орналасып жатыр. Айтарымыз, олар Отанын сүйген патриот, мемлекетшіл болуы шарт. Олардың ойында жеке басының пайдасы емес, мемлекеттің, ұлттың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс. Оларды бірден жоғарғы билікке әкелмей, халықтыңжай-күйін, тұрмыс-тіршілігін жетік білу үшін ауылдық жерде, аудандық көлемде жұмысқа жегіп, сосын бірте-бірте өсіргені жөн. Сонда ғана халық оларға емес, керісінше, олар халыққа қызмет ететін маман болып шығады. Сонда ғана елдің ілгерілеуі болмақ.
Шыңғыс ЕРГӨБЕК,
заң ғылымының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
саясаттанушы
Қазақстанның ерекшелігі – бірнеше транзитті бастан өткеріп жатқанында
Негізі, кез келген бағдарламаны,соның ішінде мемлекеттік бағдарламаны саралау үшін оның негізгі мақсатына назараудару керек. «Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты қиын-қыстау кезеңдешетелдің жетекші жоғары оқу орындарында елдің дамуын қамтамасыз ететін мамандардайындау болды. Бағдарлама өз миссиясын белгілі дәрежеде орындады деуге болады.Еліміздегі ең күрделі реформаларды, соның ішінде зейнетақы реформасын, банксекторындағы реформаларды, белгілі дәрежеде білім беру саласындағы реформалардыосы бағдарлама түлектері ойластырып жүзеге асырды. Бүгінгі күні бағдарламатүлектерін түрлі университеттерден бастап, ірі ұлттық компанияларда, министрліктермен жергілікті атқарушы органдарда кездестіруге болады. Әрине, бағдарламағадеген көзқарас әртүрлі, бірақ осы уақытқа дейін бағдарлама түлектерінің жеткенжетістіктері бағдарлама шеңберінде кеткен шығыннан жоғары деп есептеймін. Бірақбағдарлама түлектерінің ойларын жүзеге асыруда бірқатар кемшін тұстар бар. Бұләсіресе мемлекеттік қызмет саласына тән.
Біріншіден, «Болашақ» бағдарламасыныңтүлектеріне мемлекеттік мекемелерде әлеуетті бәсекелес ретінде қарайды. Яғникез келген басшылық оларды өз орнына келуі мүмкін тұлға ретінде қарастырады.Бұл, әрине, басшылық пен қызметкер арасындағы қарым-қатынастардың күрделенуіне,тиісінше түлектің мемлекеттік қызметте жұмыс істеу ниетінің жоғалуына ықпалетеді.
Екіншіден, мемлекеттік басқару саласындағытәжірибенің негізгі бөлігін шетелде оқыған адам шетелдік тәжірибе негізінде оқиды,ал еліміздегі тәжірибенің одан, әдетте, үлкен айырмашылығы болып жатады. Бұл көпжағдайда әмбебап рецептілердің қазақстандық экономикалық даму моделіне жұмысістемейтінін көрсетеді.
Үшіншіден, шетелде тәлім алғаназаматтардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп эволюциядан өтеді, олардың бойында біртіндеплибералды құндылықтар қалыптасып, мемлекеттік басқару тетіктерінің тиімділігінарттыру мәселесіне, реформаторлық рухқа, идеологияға басымдық бере бастайды.Тарихтағы мұның мысалы ретінде шетелдік ойдың ішкі саясатқа әсерін айқындағанРесейдегі декабристер қозғалысын немесе 1945 жылы Берлинді алған Кеңестер Одағыныңәскерлеріне қатысты репрессияларды айтуға болады. Екі бөлек саяси науқанныңсебебі бір. Екеуі де шетел көріп, өмірлік көзқарасы өзгерген буынды мемлекеттікбилікке жеткізбеу ниетінен туындап отыр. Біріншілері 1812 жылы жеңіске жетіп,Францияға жорыққа шыққан әскерден құралса, екіншісі 1945 жылы Берлинді алды.Осы екі буынды біріктіретін мәселе де сол. Шетел көріп, ой-өрісі өзгергенбуындар ішкі реформаларға бейім болады. Ал енді ол адамдарды емес, шыныменшетелде білім алып, толыққанды маман болып қалыптасқан адамды көз алдарыңызғаелестетіңіздер. Ал білім алу деген – тек оқулықпен шектелетін дүние емес, олбірінші кезекте өмірлік тәжірибе және құндылықтар өзгерісі. Осындай терең өзгерістібойына сіңірген адамды еліне қайтып келді делік. Онымен кім өзінің ықпалы менсаяси күшін бөліскісі келеді? Әрине, ешкім. Шетелден білім алған мамандар ылғисезіктілердің қатарында. Идеологиялық тұрғыдан сенімді емес элементке айналыпкетуі мүмкін. Сондықтан бағдарлама түлектерінің негізгі дені мемлекеттіксаясаттан алыс жүруге тырысады.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметкерлердіңәлеуметтік жағдайы салыстырмалы түрде тартымды деп айтуға болмайды.Коммерциялық сектормен салыстырғанда мемлекеттік қызметте айлық денгейі де,кәсіби деңгей де айтарлықтай төмен. Өзінің құнын білетін мықты мамандар, әдетте,жоғары айлық ұсынатын жекеменшік секторға кетеді. Мемлекеттік қызметте непатриоттық сезімі өте қатты дамыған, не жекеменшік секторға жұмысқа орналасаалмаған, не «жоғарыда байланысы бар», өз болашағын мемлекеттік, шенеуніктікқызметпен байланыстыратын адам қалады. «Сананы тұрмыс билейді». Отбасына оңтайлыжағдай жасалмаған адам өз бетінше арзан жұмыс күшінің миссиясын орындауға дайынемес.
Бірақ бұл бағдарламаның кемшілігі емес,қоғам мен мемлекеттік қызметтің кемшілігінен туындайтын жайттар. Егермемлекеттік қызметтің негізгі қағидасы басқару емес, қызмет ету болса, «менбастық болғандықтан ғана ақылдымын» тұжырымдамасынан «біліктілік – мемлекеттікқызметтегі басты құндылық» тұжырымдамасына өзгерсе жағдай өзгеруі мүмкін.
Екінші маңызды сауал «Жастар кадрлықрезерві» бағдарламасына қатысты. Негізі, мемлекеттік қызмет саласындағы саясаттек бір бағдарламаға арқа сүйеуі мүмкін емес. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасынанбасқа, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған ҚазақстанРеспубликасы президентінің жанында Мемлекеттік қызмет және жоғарғы сотакадемиясы бар. Міне, солар жас буынның билікке келуін қамтамасыз ететін түрлібағдарламаларды жүзеге асырады. Қазақстанның бір ерекшелігі – біз бір уақытмөлшерінде бірнеше транзитті бастан өткеріп жатқанымызда. Біріншісі – билік транзиті. Екіншісі – саяси құндылықтартранзиті. Үшіншісі – буындық транзит. Яғни мемлекеттік қызмет саласында бірбуын екінші, жастар буынымен алмасуды бастан кешіруде. Бұл мемлекетіміздіңдамуының жаңа белесін айқындаған көптеген өзгерістерге жол ашты. Жастар кадрлықрезерві – осы саясаттың бір көрінісі, саяси транзиттің нәтижесінде пайда болғанойдың, буындар транзитінде сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етугебағытталған маңызды бастамасы деп ойлаймын. Мәселе – Қазақстан өзініңмемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық саясатын барлық мүмкіндіктерменқамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызмет алуан түрлі функцияларменбайланысты болғандықтан, мемлекеттік қызметкерлерді қалыптастыру мен дамытудыңтетіктері де алуан түрлі болуы тиіс.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»