Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 22 Мамыр 2024

Боранбаев тағы екі бап бойынша күдікке ілінді

с
Фото: из открытых источников

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің тағы екі бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

Агенттік өкілінің сөзінше, Боранбаев салықтан жалтару және бюджет қаражатына қатысты жаңа екі бап бойынша күдікке ілінген.

Жалпы, ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде шығын өтелді, сонымен қатар ол 120 млрд теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Яғни, жалпы Боранбаевтан 134,5 млрд теңге өндірілді. Алайда, оған қатысты қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақы болуы мүмкін. Қазір Боранбаев бюджет қаражатына қатысты және салықтан жалтарған деген тағы екі бап бойынша күдікке ілінді, - деді Елемесов KazTAG агенттігіне.

Айта кетейік, Боранбаев 2023 жылы 31 наурызда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол газды қайта сату кезінде 14,5 млрд теңгені ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.

Фото: prosports.kz