Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:18, 02 Мамыр 2024

Боранбаевтың иелігіндегі «Comfort Hotel Astana» қонақ үйі сатылды

с
Фото: из открытых источников

Қайрат Боранбаевтың иелігіндегі «Comfort Hotel Astana» қонақ үйі 3,9 млрд теңгеге сатылды.

«Comfort Hotel Astana» қонақ үйін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша 25 сәуірде өткен тендер сәтті деп танылды. Электронды сауда алаңындағы мәліметтерге қарағанда, қонақүй 3,9 млрд теңгеге сатып алынған.

2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаевты тергеу кезінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені мемлекет меншігіне өткен. Одан кейін Қаржы мониторингі агенттігі қонақүйдің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгені құрайтынын хабарлады. Бірақ қаржылық есеп бойынша қонақүйдің өткен жылғы таза табысы 65,6 миллион теңгені құрады.

Бастапқыда қонақүйді демалыс, сауықтыру және білім беру мақсатында пайдалану жоспарланса, әкімдік қалада мұндай деңгейдегі қонақүйлердің жетіспейтінін негізге ала отырып, қазіргі қызмет түрін сақтау керектігін айтты. 

Фото: booking.com

Тегтер: