Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:24, 07 Маусым 2024

Бозымбаев: Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 млрд теңге қажет

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Бозымбаев Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді. 

Оның айтуынша:

– бүгінде 64 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған;

– эвакуациялық пункттерде тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде;

– табиғат апаты кезінде жалпы 11998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан;

Ол зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткенін айтты.

Оның ішінде 15464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған. 

Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 4525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2350 үй салу жоспарланып отыр: 

– бүгінде нарықтан 1814 пәтер мен үй сатып алу үшін келісімшарттар жасалған;

 – зардап шеккен аймақтардағы 841 отбасы бұрынғы бұзылған үйлерінің орнына жаңа баспанаға қоныстанған;

– қазіргі уақытта 4521 отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру мақсатында 57,4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған.

Жалпы, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 миллиард теңге қажет, деді ол.

Тегтер: