Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:33, 07 Қаңтар 2025

Бразилиялық мамандар Ақтау маңына құлаған ұшақтың қара жәшігін саралауды аяқтады

Әзербайжан ұшағы
Фото: EPA / ТАСС

Олардың мәліметі бойынша, деректер Қазақстан билігіне берілген.

Қазақстанның Көлік министрлігі апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерінен деректердің түскенін әзірге жариялаған жоқ.

Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның ішінде 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Әзірбайжан билігі ұшақтың құлауына Ресей әуе қорғаныс күштерінің ұшақты жерүсті атуы деп санайтындарын айтты. Ресей президенті Әзірбайжан басшысынан өз елінің «әуе кеңістігінде болған оқиға» үшін кешірім сұрады, бірақ ұшақтың атылуына жауапкершілікті өз мойнына алмады. Тергеуге жетекшілік ететін Қазақстан билігі қара жәшіктерді шифрды ашу үшін ұшақ жасалған Бразилияға жіберу туралы шешім қабылдады.

Тегтер: