Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:33, 12 Сәуір 2024

Бүгін Орынборда ең жоғары су тасқыны күтіледі

р
Фото: из открытых источников

Орынбор маңындағы Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеден екі метрге жуық асып кетті. Бүгін қалада су тасқынының шарықтау шегі болады деп күтілуде.

Соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 69 сантиметрге артып, 12 сәуір күні таңертең 1129 сантиметрге дейін көтерілді.Қауіпті су деңгейі екі метрге жуық асып кетті, деп жазады Интерфакс Орынбор әкімшілігіне сілтеме жасап.

Қала билігі қалада 4 963 үй телімі мен 2 687 үйді су басқанын хабарлады.

Орынбор гидрометеорологиялық орталығының болжамы бойынша, бүгін Орынборда ең жоғары су тасқыны күтілуде, ол шамамен екі күнге созылады, содан кейін су деңгейі төмендейді.

Фото: Урал56.Ру

Тегтер: