Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:46, 24 Наурыз 2024

24 - наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні

терракт
Фото: из открытых источников

Бүгін Ресейде "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекетте қаза тапқандарды ұлттық аза тұту күні. 

Адамдар концерт өткен ғимаратқа гүл шоқтары мен шамдар алып барып, қайтыс болған жақындарын еске алуда.

Елдегі барлық мекеменің тулары төмен түсірілген. Соңғы мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекет салдарынан 133 адам қаза тауып, 152 адам жарақат алған.

Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында "Пикник" тобының концертіне жиналған көпшілікке белгісіз біреулер оқ жаудырған. Артынша ғимаратта өрт шығып, оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды. 

Ресей преизденті Владимир Путин "Крокус Сити Холлдағы" терактіден кейін ел азаматтарына видеоүндеу жариялады. Ол Ресейге қарсы шабуыл жасағандар жазасыз қалмайтынын айтты. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан перзиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді. 

Фото: РИА Новости\ Максим Блинов