Қоғам

Бүгін 30 жылдық тарихы бар Сенаттың соңғы отырысы өтті

Қазақстан Парламенті Сенатының бүгінгі отырысы тарихи оқиға ретінде есте қалды. Бұл – жоғарғы палатаның ел тарихындағы соңғы жалпы отырысы болды.

мәжіліс

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, 30 жыл ішінде жоғарғы палата 890 жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заңды қарап, қабылдаған. Әшімбаев өз сөзінде алдағы уақытта құрылатын «Құрылтай» деп аталатын бір палаталы жаңа Парламенттің жұмысына сәттілік тіледі. Парламенттің қазіргі сессиясы ресми түрде 30 маусымда жабылады.

Ал ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжіліс пен Сенаттың соңғы бірлескен отырысы өтеді.

1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне еніп, соған сәйкес Қазақстан Парламенті бір палаталы жүйеге көшеді. Жаңа форматтағы Парламент сайлауы тамыз айына жоспарланған. Осылайша, үш онжылдық тарихы бар Сенат өз жұмысын аяқтап, елдің саяси жүйесі жаңа кезеңге қадам басады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз