Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:12, 09 Желтоқсан 2023

«Бұл 100% жұмыс берушінің кінәсі»: Костенко шахтасында болған өрттің себептері белгілі болды

шахта
Фото: из открытых источников

Костенко атындағы шахтадағы жарылыстың себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Zhasalash.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдарын тарта отырып, техникалық құжаттаманы, айғақтарды және басқа материалдарды зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді.

«Нәтижесінде, өрт және метан-ауа қоспасының одан әрі жарылуы қырғыш конвейер элементтерінің соққысы мен үйкелісінен пайда болған механикалық ұшқыннан газдың (метанның) тұтануының болғаны анықталды. Газдың өзі астыңғы төсемеден бөлінген. Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылушылықтарын да анықтады. Атап айтқанда, жұмыстың толыққанды ұйымдастырылмауы және қауіпті өндірістік факторларға қажетті өндірістік бақылаудың жоқтығы атап өтілді. Олардың қатарына тұрақты шахталарда шаң мен жарылысқа қарсы шараларды орындау да жатады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды», - делінген хабарламада.

Заңнамаға сәйкес материалдары құқық қорғау органдарына берілді.