Саясат

«Бұл сайлауды заңсыз деп есептеймін»

Айтыскер ақын Ринат ЗАЙЫТОВ кеше өткен президенттіксайлауды заңсыз деп есептейді.

«Бұл сайлауды заңсыз деп есептеймін»

Бұл туралы ол youtube.comжекеканалында айтты.

«Қадірменді ағайындар! Артық сылтауды айтудың еш реті жоқ шығар. Мен бұл сайлаудызаңсыз деп танимын. Себебі бір емес, ондаған заң бұзушылықтармен жеке өзімтаныс болдым. Ал Әміржан Қосанов пен Дос Көшімге мен де құрбан болдым, мен деалдандым. Бірақ мен ешкімді алдамадым. Сенгенім үшін айыптасаңыздар,өздеріңіздің еншілеріңізде. Бірақ есігімнің алдында мені аңдып жүргентыңшыларға қарамастан, менің айтатын жалғыз нәрсем бар. Ер азамат ешқашан екісөйлемейді. Мен халық қайда болса, сол жерде боламын деп уәде бердім. Демек менсіздердің қастарыңыздамын. Ал жазғырам десеңіздер, өздеріңіз біліңіздер», — деді Ринат Зайытов. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢоппоненті Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫ сынаушы айтыскер Әміржан ҚОСАНОВТЫҢ сайлауалдыштабына кіруге ықлас танытқан еді. Және «Ұлт тағдыры» қозғалысынан түскен кандидаттықолдайтынын айтып жүрді.

2019 жылдың 1-маусым күні Қазақстан демкоратиялық күштеріастанада бас қосқан еді. Балтал ТҰРСЫНБАЕВ, Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ бастаған қоғамқайраткерлері сайлауға байкот жариялайтындарын мәлімдеген. 2012 жылыоппозициядан кеткен ғарышкер Тоқтар ӘУБӘКІРОВ пен айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ солжиында Қосановқа дауыс беруге көпшілікті үндеген еді.  

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз