Саясат

«Бұл жиынға Жақсылық Омардың қатысы жоқ»

Өскемен қаласыныңәкімі Жақсылық ОМАРДЫҢ күтпеген жерден «рейтингін көтерген» көп балалалыаналарды саясаткер Жанболат МАМАЙҒА қарсы айдап салғаны туралы әңгіме желісініңвидеосы You Tube арнасына да шығып кетті.

«Бұл жиынға Жақсылық Омардың қатысы жоқ»

Видеода Назгүл атты әйел қалаәкімінің орынбасары Серік Жеңісов өзі жұмыс істейтін мектепке қоңырау шалып,әкімдікке шақырғанын, одан кейін әкім Ж. Омар келіп «өздерін қырып өтетін»сияқты алдағы жиналысқа қатысып, Жанболат Мамайға қарсылық көрсетуді«өтінгенін» айтады.

«Жас АЛАШ»тілшісі видеода айтылған әңгімелерге байланысты Өскеменқалалық әкімдігіне хабарласқан еді. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек ТҰРСЫМБЕТОВәкімнің көп балалы аналарды Мамайға қарсы айдап салуға,қарсылық білдіруге үгіттегені мүлде шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Өткен аптада «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы тарапкеткен бұл оқиғаға қала әкімі Жақсылық Омардың мүлдем қатысы жоқ. Ол кезде қалабасшысы еңбек демалысында болды. Ол жиынға аналар өздері барды ма, біреуұйымдастырып апарды ма, өздеріне мәлім. Бірақ, әкім Жақсылық Омар да, қалаәкімінің орынбасары Серік Жеңісов те ешқандай әйелді өздеріне шақырып, ондайәрекетке барған емес»,-дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов.

Фото әлеуметтік желіден

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз