Қоғам

Бурабайдың жолында қауіпті видео түсіргендер жауапқа тартылды

Ақмола облысында полицейлер әлеуметтік желіге арналған видео түсіру кезінде жол қауіпсіздігін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты.

Бурабай

Оқиға Instagram желісіне жолданған бейнежазба арқылы белгілі болған. Куәгердің айтуынша, Бурабай бағытына апаратын тасжолда қозғалып келе жатқан көліктің үш жолаушысы терезеден бастарын шығарып, ұялы телефонмен видео түсірген.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері видеодағы көліктің жүргізушісін анықтады. Ол Астана қаласының студенті болып шыққан. Оның айтуынша, 4 маусым күні жалға алынған Hyundai Elantra көлігімен үш қызды ертіп Бурабайға демалуға барған.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз