Қоғам

Бурятияда қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

Қазақстан азаматы Ресейдің Бурятия Республикасында қар көшкіні салдарынан қаза тапты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қар көшкіні

Ведомство мәліметінше, 28 сәуір күні Ресейдің құзырлы органдарынан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Муй ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні жүріп, 1990 жылы туған Қазақстан азаматы А. Тицкий көз жұмған.

СІМ дерегінше, көшкін астында барлығы алты адам қалған.

Министрлік сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті органдармен тікелей байланыста екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз