Саясат

Бұрынғы вице-министр Тоқаевтан араша сұрады

Қазақстан энергетика министрінің бұрынғы орынбасарыАнатолий ШКАРУПАНЫҢ үстінен қозғалған қылмыстық іс Саран қаласындағы соттақаралып жатыр.

Бұрынғы вице-министр Тоқаевтан араша сұрады

Темір тордың ар жағында отырған Анатолий Шкарупа өзін қамауданбосатуды өтініп, президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА хат жазды. Бұл жөнінде бұрынғывице- министрдің адвокаты Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВ «Facebook» парақшасында мәлімдеді. 

Анатолий Шкарупа президентке жазған хатында 2018 жылдың 16 қарашасынан бастапқамауда отырғанын әрі осы жылдың 16 қарашасында  бостандыққа шығуытиіс болғанын атап өткен.

«Саранқаласындағы сотта алдын ала тыңдалым кезінде қамауға алу санкциясын алып тастаунемесе оны ұзартуға қатысты шешім қабылданған жоқ. Сол себепті мені қамауда ұстаусанкциясының мерзімі 2019 жылдың 16 қарашасында өтіп кетті. Осыған орай меніңісім алдын ала тыңдалымда тұрғандықтан, әрі соттың санкциясы болмағандықтан,ҚПК 342 бабтың нормасы қарастырылмауы тиіс,өйткені мен 16 қарашада бостандыққашығуға тиіс едім. Алайда АК 159/1 түзету мекемесінің басшысына және облыспрокурорына жазған өтінішіме қарамастан менің құқығым сақталмай отыр»,-депжазған өз хатында Анатолий Шкарупа. Бұрынғы вице-министр осы мәселеге тікелейпрезиденттің араласуын сұрап отыр.

Адвокат Нұрлан Бейсекеев «өтініш ҚР бас прокуратурасынажіберілмейтін шығар» деп үміттенеді. Себебі ол Саран қаласындағы алдын ала соттыңдалымына қатысқан прокуратура өкілдері мәселеге салғырттық қарады депесептейді.

Еске сала кетсек, энергетика министрінің бұрынғыорынбасары Анатолий Шкарупа 2018 жылдың қарашасында тұтқындалған. Кейіннен тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорының басқарма төрағасының міндетінатқарған Қайсар БАЙДАЛЫ мен «ENERCO» компаниясының директоры Ерлан НАБИЕВ теұсталған. Анатолий Шкарупа 2014-2017 жылдары Саран қаласында әкім болған кезде «бюджеттен215 млн теңгенің жымқырылуына қатысы болған» деген дауға қалған. Бүгіндеоған Қылмыстық Кодекстің «сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі бөтенмүлікті иемденіп алу немесе талан -таражға салу» бабы бойынша айып тағылыпотыр. Тергеу мәліметі бойынша,  бюджеттенбөлінген 200 млн теңге Саран қаласындағы жылу желілеріне есептеу құрылғыларынорнатуға бағытталған. Бірақ Анатолий Шкарупа Саранда әкім болып тұрған кезде,қалада орталық жылу қазандығы салынбаған. Десе де, ол есептеу құрылғыларын босқабырғаларға орнатуға жол берген. Бұрынғы вице-министр өзіне тағылған айыппен келіспей.

Фото: zakon.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз