Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:46, 11 Маусым 2024

БҰҰ Газа секторындағы атысты тоқтату туралы АҚШ қарарын қабылдады

ООН
Фото: Flickr/MID Russia

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты тоқтату туралы АҚШ қарарын қабылдады. Бұл туралы Meduza агенттігі жазды. 

Құжатты қабылдау үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 14 мемлекет дауыс берді. Ресей вето құқығын қолданбауды жөн көріп, дауыс беруден қалыс қалды.

Жоспар үш кезеңді қамтиды, оның біріншісі уақытша атысты тоқтатуды, ХАМАС содырлары ұстаған кепілге алынғандарды босатуды және палестиналық тұтқындарды босатудың орнына қайтыс болған кепілге алынғандардың денелерін беруді қамтиды, деп жазады BBC News.

Екінші кезең Израиль әскерлерінің Газа секторынан толық шығарылуын, сондай-ақ «соғыс қимылдарын біржола тоқтатуды» қамтиды. Үшінші кезеңде АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың қолдауымен аймақты қайта құрудың ауқымды жоспары басталады.

Резолюцияда Израильдің АҚШ ұсынған жоспарға келіскені айтылған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінен кейін көп ұзамай Хамас қарардың мақұлдануын құптайтынын жариялады. Алайда бұл топтың атысты тоқтату жоспарын жүзеге асыруға ниеті бар-жоғы белгісіз, деп жазады The Guardian.

Айта кетейік, Хамас содырлары 2023 жылы 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200 адамды өлтіріп, 250-ге жуық адамды кепілге алды. Шабуылдан кейін ИСД күштері Газа секторында соғыса бастады. Хамас бақылайтын Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің әскери операциясы кезінде 37 мыңнан астам адам қаза тапты деп мәлімдейді.