БҰҰ-ның климаттық саммитінде мұнай, газ және көмір мәселесі шешілмеді
COP31 климаттық саммиті 20 қарашада аяқталуы тиіс болғанымен, келіссөздер тағы екі күнге созылды.
Алайда қатысушылар мұнай, газ және көмірді одан әрі пайдалану мәселесінде бір мәмілеге келе алмады.
Тараптар парниктік газдар шығарындыларының негізгі көздерінің бірі саналатын қазба отындарын қолданудың болашағын талқылады. Қорытынды құжаттың алғашқы нұсқаларында қазба отынын пайдаланудан жедел бас тартуға шақырған талап болған. Бірақ кейінгі нұсқадан бұл тармақ алынып тасталған.
Еуропалық одақ мұнай, газ және көмір туралы нақты айтылмаған құжатты қолдаудан бас тартты. Ал дамушы елдер дамыған мемлекеттерден қаржылай қолдау көрсету жөнінде нақты міндеттемелер алуды талап етті.
Осылайша, келіссөздерге бөлінген уақыт ұзартылғанына қарамастан, саммит соңында қорытынды құжатты қабылдау мүмкін болмады.