Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:59, 25 Қараша 2023

«Бұйымдарды жасайтын да, жарнамалайтын да – өзім»

бұйым
Фото: из открытых источников

Қазіргі таңда ұлттық нақыштағы көйлектер мен шапандар, тақиялар мен әшекейлер трендке айналған. Әсіресе, әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз болды көздің жауын алатын оюлы өнімдердің түр-түрін көресіз. Сондай жарнамалардың бірінен «Зерсұлу» атты шағын брендті жолықтырдық. Онда ұлттық нақыштағы әшекей-бұйымдар, белдік пен шекелік, тіпті шаш қыстырғышқа дейін бар екен. Ал осының бәрін кім жасап жатыр екен деп қызығушылық танытқанда 3 курстың студенті Аружанмен таныстық. Айтуынша, «Зерсұлу» брендінің тарихы осы жылдың қыркүйегінде басталған.

«Мен өзім студентпін. Университетте «СММ» деген пән өткізілді. Сол сабақтан арнайы жоба жасау туралы тапсырма алдық. Мен көп ойлана келе өз брендімнің инстаграмын жүргіземін деп шештім. Негізі, өзім өткен жылдың сәуірінен бері қазақы әшекей-бұйымдар жасап, үйреніп, қызығып жүрдім. Соны қайта қолға аламын деп шештім де инстаграм әлеуметтік желісінен «Зерсұлу» атты парақшамды аштым. Бұл атаудың негізі түбірі «зергер» деген сөзден шыққан. Зергер деген бәріне белгілі, әшекей-бұйымдар жасаумен, алтын немесе күміс секілді бағалы материалдармен жұмыс жасайтын маман. Ал «сұлу» деген сөзі сұлулыққа құмар қыз-келінектер үшін қостым. Әшекейлерім де, өнімдерім де сұлуларға арналғандықтан осындай атау таңдадым. Өте сәтті таңдалған атау деп білемін.

Мұндай әшекейлерді жасауды өзім үйрендім. Мен ешқандай да курс немес басқа дүниеден өтпедім, сатып алмдым. Мен жаңа айтқанымдай өткен көктемнен бастап қазақы үлгідегі киім-кешек тігетін әпкеме көмектесуге бардым. Жұмыспен жүгіріп жүрген күндердің бірінде ол мені қазақы тақияны әрлеуге керекті бұйымдар сатып алып келуге жұмсады. Өзім бұрынна әртүрлі шекелітер мен сырғаларды, білезіктерді көргенде қызығатынмын. Бірақ менің қолымнан келеді деп еш ойлаған емеспін. Сол кезде сауда орталығына барып тастарды, бұйымдарды көрген кезде менің қызығушылығым қайтадан арта түсті. «Алғашында өзіме жасап алайыншы, әртүрлі әшкей тағып жүретін боламын» деп ойладым да бірнеше тастар сатып алдым. Кейіннен менің тағып жүргенімді көріп айналадағы қыздар «қайдан алдың?» деп сұрай бастады. Қызығатындар күн санап көбейе берді. Осылайша, мен бұл өнермен өз кәсібім ретінде айналыса бастадым. Ең әуелде 5-7 мың теңге ғана салып, аз ғана тауармен бастадым. Жай ғана қызығушылықтан туған хобби секілді болды. Бірақ қазір тапсырыс берушілер өте көп.

бұйым
Фото: из открытых источников

 

Ал алғашында клиентім көп болған жоқ. Өзімнің қатарластарым, достарым, туыстарым тапсырыс беріп жүрді. Жолымды ашқан –леуметтік желілер мен тынымсыз контент жасау. Инстаграм, тикток желісін жүргізгелі Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әртүрлі қалалардан тапсырыс түсе бастады. Сондықтан контентпен интенсивті түрде жұмыс жасауды тоқтатпаймын. Әшекейлерді жасайтын, инстаграмды жүргізетін өзім. Әрі модель де өзім. Фото, видеотүсірілімдерге өзім түсемін. Яғни, процесті толық бақылауда ұстаймын. Өйткені өз брендімді өзім дамытып, бейне қалыптастыруға тырысамын.

Ал дизайнды, идеяны өзім ойдан құрастырамын. Көбіне тастарға қарап отырып жасаймын. Шекелікке сәкестендіріп белдік жасап, олардың қандай киіммен үйлесетінін ескеріп отырамын. Бұйымдарды жасау маған ешқандай қиындық тудармайды. Қолым да үйреніп кетті. Өзіме ұнайтын іс болған соң махаббатпен істеймін. Әрі қазақы өрнектегі, ұлттық нақыштағы бұйымдарды күнделікті өмірге бейімдеп, ыңғайлау үшін бар ықыласымды салып жүрмін. Алдағы уақытта брендімді кеңейтіп, үлкен кәсіпке айналдыру жоспарда бар».

Тегтер: