Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 24 Қыркүйек 2024

«Біз соғыстың жаңа кезеңінде тұрмыз». Израильдің Ливандағы соққыларынан 356 адам қаза тапты

п
Фото: KAWNAT HAJU/AFP

Израиль дүйсенбі күні Ливандағы жүздеген Хезболла нысандарына әуе шабуылдарын жасағанын, Ливан билігі кем дегенде 356 адамның, оның ішінде 24 бала мен 42 әйелдің қаза тапқанын хабарлады. Тағы 1246 адам жарақат алған, деп жазады BBC.

Бұған дейін Ливан тұрғындарының телефондарына Израильден эвакуациялауға шақырған аудио хабарламалар мен мәтіндік хабарламалар келе бастаған. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ливан шенеунігінің бірі бұл 1975-1990 жылдардағы азаматтық соғыс аяқталғаннан бергі ең жоғары өлім көрсеткіші екенін айтқан.

Дүйсенбі күні Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігінде, Бекаа алқабының шығысында және Сирияға жақын солтүстік аймақта қақтығыс басталғаннан бергі Хезболлаға қарсы ең үлкен соққыларын бастады.

«Бұл шабуылдардың басты мақсаты бейбіт тұрғындарды шабуылға ұшыраған аймақтардан көшіру болды. Израиль үкіметінің ниеті шиеленісіп, арандату екені анық. Біз соғыстың жаңа кезеңінде тұрмыз. Алдымен мақсатты шабуылдар болды, бірақ қазір олар ешкімді таңдамайды», деді Ливанның денсаулық сақтау министрі Фирас Абиад BBC Radio 4-ке берген пікірінде.

Оның айтуынша, халықтың басым көпшілігі соғысты қаламайды. 

Ал, Франция дүйсенбі күні Ливандағы жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті. Бұл туралы Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында мәлімдеді. Ол барлық тараптарды «салдары барлығына ауыр болатын аймақтық індеттен аулақ болуға» шақырды.