Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:40, 10 Ақпан 2025

"Челси" ресми түрде қазақ футболшысын сатып алды

1
Фото: из открытых источников

 «Қайрат» клубы жас шабуылшы Дастан Сәтбаевтың 2026 жылдың жазында ағылшынның «Челси» клубына ауысатынын мәлімдеді.

Алматылық "Қайрат" клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық команда мен лондондық "Челси" 16 жастағы шабуылшының трансфері туралы ресми түрде келісімге қол қойған. 2026 жылдың жазында кәмелет жасына толған соң жас талант ағылшын клубында ойнайды. Оған дейін "Қайрат" сапында өнер көрсетеді.

Сәтбаев Қазақстан жастар лигасының екі маусымында 28 матч өткізіп, 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас беген. 2024 жылы ол турнирдің ең қымбат ойыншысы атанды. 

Бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының 16 жастағы шабуылшысы қаңтар айының соңына дейін Лондонның "Челсиінің" ойыншысы атануы мүмкін екені белгілі болған еді. Англияда трансферді растады. Кейіннен британдық журналист Низар Кинселла Дастан Сәтбаевтың "Челсиге" ауысатынын жазды.

Дастан Сәтбаевтың "Қайраттан" "Челсиге" ауысуы ағылшындарға 4 миллион еуроға түседі. Ал ресейлік журналист Иван Карповтың жазуынша, Қайрат бонустармен қоса есептегенде 4,3 миллион еуро алуы мүмкін.

Тегтер: