Черчесов қазақ тіліне тағы қырын қарады
Әлеуметтік желіде тараған видеода журналист ұлттық құраманың ойын сапасын жоғары бағалап, сұрақ қоя бастағанда, Черчесов оның сөзін бөліп: «Сен қазір французша сөйледің бе?» - дейді.
Бұған дейін баспасөз мәслихаттарының бірінде журналист қазақ тілінде сұрақ қоя бастағанда, Станислав Черчесов: «Сізге осетин тілінде жауап бере аламын ба?» деген еді. Кейін Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтың қазақ тілін үйренуге кіріскенін хабарлады.
Кейбір ресейлік журналистер бұған дейін бас бапкер Станислав Черчесовтің жалақысы 1,2 миллион еуроны құрайтынын хабарлаған. Алайда Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, бұл келісім-шарт бюджет қаражатынан қаржыландырылмайтынын айтты.
Айта кетейік, 13 қазанда Алматының орталық стадионында Қазақстан құрамасы мен Словения құрамасы арасында УЕФА Ұлттар лигасының матчы өтіп, Қазақстан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында төрт матч өткізіп, бірде-бір гол соқпаған: Норвегиямен тең түсіп, қалған үш кездесуде таза есеппен ұтылды.