Өңір

COVID-19 бірыңғай ақпараттық портал іске қосылды

Шымкентқаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Осы портал арқылы COVID-19 ауруыбойынша жедел статистикамен танысуға болады.

COVID-19 бірыңғай ақпараттық портал іске қосылды

Бұл туралы денсаулық сақтаубасқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығындаөткен брифингте атап өтті.

Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратыннауқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және  емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпаратжарияланады. 

«Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріпауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспенқамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылыпотыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен  бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу,оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқакіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың  мекен-жайлары мен телефондары туралыақпаратты  табуға болады»,-дедіТ.Варзилов.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз