Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:01, 23 Сәуір 2024

Cу тасқынын жою үшін 32 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр

f
Фото:

ҚР ТЖМ су тасқыны болған аймақтарда құтқарушылар мен барлық тартылған қызметкерлер тәулік бойы және өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда су тасқынын жоюға 32 мыңнан астам адам, 5 мыңға жуық техника, 310 жүзу құралдары мен 13 тікұшақ қатысып жатыр.

10 өңірге авариялық және шұғыл жұмыстарды үздіксіз жүргізу үшін көптеген арнайы техникалар мен басқа да мүліктер жедел броннан шығарылды. Олар мен қосымша күштер Қазақстан темір жолы арқылы өңірлерге уақтылы жеткізілді. Қазір кейбір күштер өз аймақтарына оралуда, делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастырып жатқанын айтты.

Фото: gov.kz

Тегтер: