Дамыған Қазақстан: Су басқан он бес үй
Көкшетауда 15отбасы көктемгі су тасқыннан зардап шекті.Тұрғындар бұған дер кезінде тосқауылбола алмаған жергілікті шенеуніктерді кінәлап отыр.
Ал бүгін ғана су басқанқаланың су жаңа әкімі болып тағайындалған Амангелді СМАИЛОВ апатты жағдайқайталанбас үшін қауіпті аумақтығы үйлерсүріледі деді.
«Қылшақты» өзеніненкелген тасқыннан кейін 15 отбасы қазіргітаңда әкімдік берген қонақүйді паналап жүр. Өйткені баспаналары су астындақалып, үйдегі мүліктерінің сау тамтығы қалмаған. Еден мен қабырғалары опырылып,үйімізде тұру мүмкін емес деп отыр күйінген жұрт. Бұған олар дер кезінде әрекететпеген жергілікті басшыларды кінәлап отыр.

«Үстімдегі киіммен көшеге қалай шығасын? Үйдегідүние-мүлік бүлінген. Мен мысалы екінші тәулік бойы ұйықтамай жүрмін. Дұрысұйықтайтын жер де жоқ», – дейді зардап шегуші Жұмабек ӘБІЛОВ.

«Түнде су басқанда не істерімізді білмей абдырап қалдық.Құр халатпен, жалаң аяқ бала-шағамды алып көшеге қарай жүгірдік. Тұрмыстықтехника мен барлық қажетті заттармыз суға кетті. Бүгін келіп қарағанымдыжарамды ештеңе таппадым», – дейді тағы бір зардап шегуші Татьяна НИКУЛИНА.
Ашынған тұрғындарбазынасын жеткізу үшін әкімдікке барды. Бүгін ғана тағайындалған су жаңа әкім АмангелдіСмаилов азаматтарға бүлінген үйлеріне кептіру және жөндеу жұмыстарыжүргізілетінін жеткізді.Сондай-ақ, биыл қауіпті аумақта қалған бұл үйлердіңсүрілетіндігін айтты.

«Суға кеткен бұл үйлер сүрілетін болады. Ол аумаққа жолжүргізіліп, көп қабатты үйлер тұрғызамыз. Үйлерді сатып алу үшін бағалау жұмыстарын жүргіземіз. Сондықтанқұжаттарыңызды қалыпқа келтіріңіздер» – деді тұрғындарға Көкшетау қаласыныңәкімі Амангелді Смаилов.
Жаңа әкімніңайтуынша үйлерді қалыпқа келтіргенше зардап шеккендер қонақүйде тұра береді. Оқушылардың суғакеткен оқулықтары жаңартылады. Сондай-ақ, 75 мың теңге көлемінде әр отбасығаөтемақы беріледі. Өзге де көмек берумүмкіндігін қарастыратындығын жеткізді.
Фотолар автордікі.