Даңғаза
Доғарыңдар,Жетер енді,Тоқтатыңдар мазақты!Белден басып бетегемді,Қорладыңдар ҚазақтыБұл не деген тәубесі жоқ,Бітпейтұғын даңғаза?
!
Көз арбайтын сәулесі көп...
Бәрі өтірік,
Далбаса.
Күдік пенен күмән жұпты,
Сырбаз-сырды сақтау бар,
Мезі қылды мына жұртты,
Марапат пен мақтаулар.
Сауық-сайран көргендерің,
Опа тапқан кім одан?!
Таққан медаль, ордендерің,
Құтқармайды күнәдан.
Көкіректер – сұрақ тұнған,
Көңілдерді қозғасын.
Кім сүртеді,
Жылап тұрғн,
Желтоқсанның көз жасын?!