Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрайымы болып сайланды
«Ақ жол» партиясын 2011 жылдан бері басқарып келген Азат Перуашев партия төрағасы өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл туралы партияның съезінде айтты.
Жаңа төраға лауазымына Перуашев Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Съезд делегаттары бұл ұсынысты қолдап, Дания Еспаева Демократиялық «Ақ жол» партиясының төрайымы болып сайланды.
Еске салсақ, бұған дейін Азат Перуашев Парламент қабырғасында Қазақстанды «айыппұлстан» («штрафстан») деп атаған болатын. Осы мәлімдемесі үшін ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан сынға ұшыраған еді.