Саясат

Дариға Назарбаева армян балаларының жағдайын білді

Бүгін ресми сапарменАрменияда жүрген сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВА Еревандағы Балалар онкологиясыжәне гематология орталығында болды.

Дариға Назарбаева армян балаларының жағдайын білді

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл орталыққа ДариғаНҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ Армения премьер-министрінің жұбайы Анна АКОПЯНМЕН бірге барды. Орталық2018 жылдың шілде айында «Шаттық қаласы» қорының қолдауымен құрылған болатын.Онкологиялық және гематологиялық аурулармен сырқаттанған балалар мен жастарғакөмек көрсететін қордың Қамқорлық кеңесіне Анна Акопян басшылық етеді.

Сенат басшысыбалалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесті, орталықтың жабдықтарынкөріп, жұмыс жағдайларымен танысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныңделегациясы сол күні Ереван мемлекеттік университетінің жанындағы Қазақ тілі,мәдениеті және тарихы орталығында болды. Орталық 2010 жылы екі мемлекетарасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақҚазақстанның ұлттық мәдениетін дәріптеу мақсатында ашылған болатын.

Абай Құнанбаевтың 175жылдық мерейтойына орай 2020 жылы Орталыққа қазақтың ұлы ақынының есімін беружоспарланып отыр.

Фото: facebook.com

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз