Саясат

Дариға Назарбаеваға Медведевтің резиденциясы ұнап қалды

Бүгін Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий МЕДВЕДЕВ Қазақстанпарламенті сенатының спикері Дариға НАЗАРБАЕВАМЕН кездесті.

Дариға Назарбаеваға Медведевтің резиденциясы ұнап қалды

Бұл туралы ресейлік Рамблеринтернет басылымы хабарлады.

Сенатының төрайымы Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ  Ресейге ресми сапары аясында Ресей үкіметбасшысы Дмитрий Медведевпенкеліссөздер өткізді. Медведев пен Назарбаева қалай танысқанын еске алды.

«Біздің танысқанымызға біраз уақытболды. Мен ол кезде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі болатынмын. Бұлшамамен 2003-2004 жылдар еді», — деді Медведев.

ДариғаНазарбаева әңгіме барысында Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған кезінеске алды. Қаланың 1980 жылдан бері бәріқатты өзгергенін атап өтті.Сондай-ақ,үкімет басшысының резиденциясына таңданысын жасырмады. Екі жақты келіссөзге  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылған жоқ. Қазақстандықделегация құрамында сыртқы істер министрінің орынбасары Марат СЫЗДЫҚОВ, сенаттың комитеттөрағалары Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Әли БЕКТАЕВ пен парламент сенаты спикерінің кеңесшісі Бектас МҰХАМЕДЖАНОВ болды. Ресей жағынан Федерация кеңесінің басшысыВалентина МАТВИЕНКО, мәдениет министрі Владимир МЕДИНСКИЙ, экономика дамуминистрінің бірінші орынбасары Михаил БАБИЧ, сыртқы істер министрініңорынбасары Андрей РУДЕНКО және халықаралық серіктестік департаментініңдиректоры Эльмир ТАГИРОВ қатысты.

Фото: 24.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз