Оқиғалар

Дәрігерлердің науқасты шығарып салған бейнежазбасы жұртты тебірентті

Желіде Алматы перинатология орталығы дәрігерлерінің COVID-19-дан жазылып шыққан соңғы науқасты шығарып салған бейнежазбасы пайда болды.

Дәрігерлердің науқасты шығарып салған бейнежазбасы жұртты тебірентті

Бейнежазбаны көрген қарапайым халық әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлерге алғыстарын білдіріп жатыр. 

Бұдан бұрын біз Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан COVID-19-дан айыққан соңғы науқастың үйіне жіберілгенін жазған болатынбыз. 

«Кеше біз екі жақты пневмониямен ауыратын соңғы науқасты шығардық. Науқастың жағдайы жақсы және ол біздің дәрігерлерге өте риза. Енді орталықтағы жұқпаулы ауру-провизорлық бөлімшені кардиохирургиялық бөлімшеге жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жандануына байланысты жауып тастадық», — дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз