Қоғам

Дарын Мүбаровтан сұхбат алған журналист сотта жеңіліп, 130 мың теңге айыппұл арқалады

Журналист Айнұр Асанберді Дін істері комитетінің талап-арызы бойынша сотта жеңілгенін мәлімдеді.

Дарын Мүбаров

Оның айтуынша, іс Дарын Мүбаровтан алған сұхбатына байланысты қозғалған. Сот журналистке шамамен 130 мың теңге айыппұл салған.

Айнұр Асанбердінің сөзінше, сот оны "дін таратушы" деп таныған. Журналист айыппұлды төлеуге мүмкіндігі болғанымен, сот шешімімен келіспейтіндіктен, оны төлемеуге шешім қабылдағанын айтты.

Ол құқықтық күресті жалғастыратынын жеткізді. Қазіргі уақытта журналистің мүддесін үш қорғаушы қорғап жатыр. Сонымен қатар Асанберді Дін істері комитетіне қарсы сотқа талап-арыз бергенін мәлімдеді.

Журналистің пікірінше, бұл іс тек өзіне қатысты емес, жалпы журналистердің кәсіби құқығына қатысты мәселе.

"Журналист дін өкілінен ғана емес, кейде қылмыскерден де сұхбат алады. Бұл – біздің мамандығымыз. Сонда біз ешкімнен сұхбат алмауымыз керек пе? Мен мұны журналистердің құқығына қатысты мәселе деп санаймын", – деді ол.

Асанберді бұл істі сөз бостандығымен байланыстырып, қажет болған жағдайда халықаралық құқықтық тетіктерге дейін жүгінуге дайын екенін айтты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз