Қоғам

Дайрабаев пен Тұрлыхановсыз: Ұлттық Құрылтайдың құрамы өзгертілді

Ұлттық Құрылтайдың құрамы ротацияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

құрылтай

Ұлттық құрылтай жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері тартылды. Атап айтқанда, құрылтай құрамына төмендегілер кірді:

- Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева,
- «Қазақстан корейлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Юрий Шин,
- Қазақстан Еңбек Ері, Семей қаласының № 7 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова,
- Мәжіліс депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов,
- Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова,
- жеңіл атлетик Айсұлу Сүлейменова,
- дүнген этносының жетекшісі Лугмар Буларов, 
- тележүргізуші, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.

Сонымен қатар, бірқатар облыстардан қоғамдық кеңес мүшелері де қамтылды.

Ұлттық құрамнан Б.Әлтеев, Ә.Толамисов, Ғ.Қанай, С.Оғай, Ж.Дайрабаев, Қ.Майгелдинов, Б.Уәли, А.Тимощенко-Боровикова, С.Сарыбай, Д.Тұрлыханов, С.Құранбек, Е.Суларов, А.Лодочников шығарылды.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз