Қоғам

ДДҰ коронавирус бойынша антирекорд тіркеді

Ұйым сайтында жарияланған статистикаға сүйенсек, кейінгі тәулікте (22 қазанда) дүние жүзінде 423 819 науқас тіркелген.

ДДҰ коронавирус бойынша антирекорд тіркеді

Бұған дейінгі рекорд — 17 қазанда 412 889 жағдай болған.

Жаңа жағдайлардың көбі АҚШ-та тіркелді — 60 мыңнан аса адам ауырған. Үндістанда кейінгі тәулікте 55 мыңнан аса адам жұқтырған. 41 мың Францияда, 26 мың науқас Ұлыбританияда анықталды. Бразилияда 24 858 жағдай, Аргентинада 18 мың жағдай тілкелді.

Пандемия басынан бері дүние жүзінде 41,1 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырды, 1,1 миллионнан аса науқас қайтыс болды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз