Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:42, 15 Мамыр 2024

Денсаулық сақтау министрлігі маман дайындау сапасы төмен екенін айтты

ы
Фото: из открытых источников

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау сапасы төмен екенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ведомства мәліметінше, оқу сапасының төмен болуына студенттер санының шамадан тыс көп болуы себеп болған.

Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастыруда, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылатыны айтылған.

 

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Тегтер: