Өңір

Дерт жұқтырды Атырау, не боп кетті, япыр-ау!

Шетелдік жұмыскүші көп Атырау аймағында коронавирус дерті тіркелмей келіп, соңғы бірнеше күндесаны 12-ге бір-ақ жетті.

Дерт жұқтырды Атырау,  не боп кетті, япыр-ау!

Осы жағдайға байланысты облыс орталығында карантинжарияланып, кіріп-шығуға шектеу қойылды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарғақонаққа бару, шоғырланып жүру, гигиена сақтамау қауіпті екенін ескертіп, карантинкезінде тәртіп бұзғандарға қатаң шара қолданылатынын  ескертті. Қазіргі күні шаһарда тек азық-түлікбазарларына,  дүкендер мен дәріханаларға,коммуналдық, жөндеу, тазалау және зарарсыздандыру қызметтеріне ғана жұмысістеуге рұқсат етілді.

Бұған дейінқаннен-қаперсіз жүрген атыраулықтар алғашқы науқастар жайлы мәліметтер жарияболысымен етек-жеңін жинап, жүріс-тұрысты тыйды деуге болады. Қас қылғандай,инфекцияның таралу уақыты елдің батыс аймағында кеңінен тойланатын көрісудәстүрімен қатар келген-ді. Наурыздың 14-і басталатын көрісу салты әрі қарай дабірнеше күнге жалғасып, туыс-туған, жора-жолдастар бір-бірімен көрісіп, қонаққабарушы еді. Бірақ биылғы төтенше жағдай мұндай бейғамдықты көтермейтіні айдананық болды. Себебі қауіпті дертті әкелгендер шетелден немесе еліміздің коронавирусанықталған өзге қалаларынан келгендер және алғашқы легі 17 наурыз күні-ақАтырауға жеткен бұл кісілер осы уақыт ішінде бірнеше адамға инфекция жұқтырған. Мәселен, олардың үшеуі қалаға 21 наурыз күні «Нұр-Сұлтан–Атырау»бағытындағы пойызбен жеткен,  «Алматы–Атырау»пойызымен келген қыз өзімен қоса, тағы екі адамға дерт жұқтырыпты. Науқастардыңкейбірі Атырауға сырттан келгендерді міндетті түрде тексеру туралы заң шыққанғадейін келгендіктен, жергілікті жердегі емдеу орындарына қызуы көтеріліп, мазасықаша бастағанда барады. Өкінішке қарай, осылайша алдына келген науқасты қарағанекі медбике де тест сынамасы қорытындысы бойынша оқшауланды.

Осылайша бастап анықталған алты науқастың 109 адамменқарым-қатынаста болғаны анықталған. Олардың 67-сі қандай да бір инфекцияданаман-есен болып шықты, 42-сіне қатысты тест нәтижесі әлі шыққан жоқ. Жайсызтізімге кейін қосылған жандармен араласқан адамдардың әлі де іздестіріліпжатқанын ескерсек, мәселеге аса маңызбен қарау керектігі анық.   Дегенмен қазірдің өзінде қозғалысшектелген тұрғын үйлердің бірінен  карантин режимін бұзып, сыртқа шығып кеткеназаматшаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабыменәкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кету керек, осындай сын сағатта аймақтағыкомпаниялар мен кәсіпкерлер, сонымен қатар жеке тұлғалар қолынан келгенкөмектерін аямауда. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік қаражаты есебіненнауқастарға арналған туберкулезге қарсы диспансердіжасақтаса, «НефтеСтройСервис» ЖШС төтенше жағдайкезінде облыс тұрғындарын дәрі-дәрмек, азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін 10миллион теңге, Атырау облыстық фермерлер одағы 1 млн теңге қаражат бөлді.Бұл тек бізге белгілісі. Жергілікті тұрғындарды шетелдерден алдыру дакәсіпорындардың күшімен жүзеге асқанын айта кетуіміз керек.

Тағы бір оң үрдіс, халық карантин кезінде үздіксізжұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер мен БАҚ өкілдерінің де еңбегінбағалап отыр. Бүгінде облыс көлемінде 6000-ның үстінде медицинақызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде коронавирусқа қарсы жұмыстарға  552 дәрігер жұмылдырылған. Қалада 25жедел жәрдем бригадасы, COVID-19 жұқтырғандармен байланысқандар мен коронавирусинфекциясының белгілері бар науқастарды оқшаулау орнын дайындауға қосымша үшдәрігерлер тобы бар. Ақ халатты абзал жандарға қолдау білдірген кәсіпкер ҚанатБопасов оларға тегін түскі ас жеткізсе, қалатұрғындары мен кәсіпкерлер өз күштерімен ақшажинап, журналистерге медициналық маска мен антисептиктер алып таратқан.

–       Бұл іскебарша Атырау жұрты атсалысты. Нәтижесінде 100 мың теңгеге 1000 маска тігіліп,120 мың теңгеге 50 литр санитайзер мен 23 790 теңгеге 50 дозатор сатып алынды.Бәрі де облыстық әкімдіктегі арнайы құрылған штабқа тапсырылды. Кез келгенжурналист сонда барып, қажетті заттарын алуына болады, – дейді Petrocouncil.kz сайтыныңнегізін қалаушы Раушан Найзабаева.

Бұдан бөлек, жергілікті басшылық қалада қалыптасқанжағдайға байланысты нан тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр. Қалалықкәсіпкерлік және туризм бөлімінің хабарламасына сәйкес, бүгінде Атыраудакүнделікті 40 мың нан пісіріліп, сегіз наубайхана жұмыс істеп тұр. Бүгінде  облыс көлемінде 824 тонна ұн бар,оның ішінде 520 тонна ұн тұрақтандыру қорында сақтаулы.  Сондай-ақ төтеншежағдай кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік қосымша 17 мың тоннаныңүстінде ұн сатып алмақ.

Құралай ҚУАТОВА

Атырау облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз