Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:31, 13 Мамыр 2024

Димаш Құдайберген Түркияда концертін өткізеді

в
Фото: из открытых источников

Димаш Құдайберген 24 мамыр күні Ыстамбұлда мерейтойлық концертін өткізеді. Бұл туралы Dimashnews сайты хабарлады.

Бұған дейін Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілгені айтылған. 

Димаш Құдайбергенмен түскен бұған дейінгі жарнамалық роликтерді Dears «Бір аспан астында – біз бейбіт өмірді таңдаймыз» жобасы аясында ұйымдастырған болатын. Dears ұйымдастырған «Бір аспан астында – біз бейбіт өмірді таңдаймыз» ауқымды жобасы 2023 жылдың қазан айында басталды. Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері бейбітшілікке шақыратын арнайы жейделерді киіп, бейнеролик түсіріп, ерекше дүниелер жасаған болатын, деп жазады басылым.

Нәтижесінде 24 қаңтарда Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең танымал TSX билбордтарының бірінде 10 бейнеролик түсіріліп, көрсетілгені белгілі.

Жоба 2024 жылдың 17 сәуірінде жалғасын тауып, бұл жолы Димаштың 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін алдағы мерейтойлық концертіне арналды.

Фото: Dimashnews