Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:38, 24 Мамыр 2024

Димаштың Стамбулдағы концертіне 41 елден жанкүйерлері жиналды

у
Фото: из открытых источников

24 мамыр күні танымал әнші Димаш Құдайберген 30 жасқа толды. Ол өзінің Instagram парақшасында барша тыңдармандарын Стамбұлда өтетін концертіне шақырды.

Димаш Құдайбергеннің Стамбулдағы мерейтойлық концерті қарсаңында оның 41 елден келген жанкүйерлері жиналып, дәстүрлі Dears кездесуін жасады. 

Іс-шара бағдарламасы бауырлас екі ел – Түркия мен Қазақстанды байланыстырды. Музыканттардың өнері, жазу, би, сән, ағаштан аспаптар жасау өнері – бәрі де дос халықтардың мәдениетінде сүйіспеншілік пен құрметке бөленді. Мерекелік кеште музыканттар Сердар Шенгүл, Седат Солакоглу, Кан Өзмелек өнер көрсетті. Көрермендер түріктің дәстүрлі халық билерін де, қазақың домбырадағы өнерін де жылы қабылдады, деп жазды Dimashnews сайты.

Мерейтойлық концерт-шоу Түркияның Стамбул қаласындағы «Бешикташ» стадионында «Stranger» деген атпен өтеді.

Айта кетейік,  Дінмұхаммед Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбеде қаласында дүниеге келген. Ата-анасы танымал әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтар.

Фото: әншінің әлеуметтік желі парақшасынан