Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:30, 14 Сәуір 2025

Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Дина Таңсәрі
Фото: Facebook Дина Таңсәрі

Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды, оны елге қайтару бойынша өтетін сот ертеңге белгіленді. 

Бұл туралы Дина Таңсәрінің телеграм арнасында мәлім болды. Таңсәрі ұсталарының алдында қысқа бейнежазба жазып үлгерген. Ертең оны экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы өтпек.

«Мені қазір ғана ұстап, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Не болатынын білмеймін, бірақ таңға дейін ұстау туралы айтты. Неге бұлай жасағанын түсінбедім, бірден сотқа апаруға болар еді. Қазір достарымнан қолдау сұраймын. Бар үмітім – экстрадиция болмайды дегенге», – деп мәлімдеді Дина видеоүндеуінде.

Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

2021 жылдан бері шетелде тұрып жатқан Смаилова Қазақстанда бірқатар қылмыстық бап бойынша күдікке ілінген. Тергеу органдары оны «НеМолчи.kz» қорына жиналған қайырымдылық қаражаттарын жымқырды деп айыптайды. Дегенмен, құқық қорғаушы бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

2024 жылдың желтоқсан айында Өскемен қалалық соты Смаиловаға сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Айыптаулардың ішінде аса ірі көлемде алаяқтық жасау бабы да бар.

Тегтер: