Саясат

Диссертация дауынан кейін вице-министр қызметінен кетті

Білім және ғылымвице-министрі Фатима ЖАҚЫПОВА қызметінен кетті. Бұл жөнінде премьер-министрбаспасөз қызметі хабарлады.

Диссертация дауынан кейін вице-министр қызметінен кетті

«Үкімет қаулысыбойынша, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова Фатима Надырқызы берілгенарызға сәйкес қызметінен босатылды» — делінген баспасөз қызметі таратқанмәлімдемеде.

Бұған дейін Білімжәне ғылым министрлігінің әкімшілік істер және мемлекеттік сатып алулардепартаментінің экс-директоры Анар ҚАЙЫРБЕКОВА ФатимаЖақыпова диссертациясының 40 пайызы ғана түпнұсқа екендігін айтқан. Кейіннен сенатор Еділ Мамытбеков вице-министрді Қазақстан халқын алдады деп айыптап, премьерАсқар МАМИННЕН оны қызметінен алып тастауды сұраған. Жақыпованың өзі маңайындаболып жатқан дауды « медиа бопсалау» деп атаған.

Фото: toppress.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз