Қоғам

ДНҚ дәлелі жылдар бойы ашылмаған кісі өлтіру деректерін ашты

Ішкі істер министрлігі өткен жылдары ашылмай қалған ауыр және аса ауыр қылмыстарды қайта қарап, оларды әшкерелеу жұмыстарын күшейтіп жатыр.

Полиция

Ведомствоның мәліметінше, биыл заманауи технологиялардың көмегімен ондаған қылмыстың беті ашылған.

Талдауға алынған істердің басым бөлігі 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында тіркелген. Қазіргі таңда оларды тергеуде молекулалық-генетикалық сараптамалар мен цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда.

Министрлік жанындағы арнайы зертханада жүргізілген ДНҚ сараптамаларының нәтижесінде Павлодар және Қарағанды облыстарында бұрын жасалған кісі өлтіру фактілері ашылды. Жиналған дәлелдер негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындаған.

ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеевтің айтуынша, қазіргі уақытта аталған істер бойынша күдіктілер сот шешімін күтуде.

Ведомство өкілдері бұрынғы қылмыстарды ашу жұмыстары ерекше бақылауда екенін атап өтті. Құқық қорғау органдарының пікірінше, уақыт қанша өтсе де, ауыр қылмыс жасаған адамдар жауапкершіліктен құтыла алмайды.

Мамандардың айтуынша, әрбір ашылған қылмыс әділдіктің орнауына және жазаның бұлтартпастығы қағидатының сақталуына ықпал етеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз