Дос Көшім: Басты қателігіміз – Қазақ елінің тұтқасын орыстілділерге беріп қойдық
–Тәуелсіздікке қол жеткізген 29 жылда қазақ тілі қазақстандықтар сөйлейтін ортақ тілге – ұлтаралық қатынас тіліне айнала алмады.
Басты себебі не? Неден қателік жібердік?
– Бұл мәселенің объективті және субъективті себептерібар. Объективті себебі – біз орыстандыру саясаты ерекше өтіп кеткен елміз.Сондықтан бізді Балтық жағалауы елдерімен не Грузия, Украина, Өзбекстанменсалыстыруға болмайды. Олар Кеңес өкіметі кезінде де өздерінің тілдерін қорғайбілді, дамытты. Ал біз қазақ тілін ортақ тілге айналдыру түгіл, өзіміз де сөйлемейтінжағдайға жеткіздік. Сондықтан болу керек, зиялы қауым мен ел басшыларыорыстілділерге айналды. Олардың балалары орыстілді болып қалыптасты. Біздіңбасты қателігіміз – тәуелсіздік алған Қазақ елінің тұтқасын орыс тілінде білімалып, орыстың мәдениетімен суарылған азаматтарға беріп қойдық. Олар сөз жүзінде«қазақ тілін дамытайық» дегенмен, іс жүзінде ана тілімізге қарсы жұмыс істеді, әліде сол бағыттан таймай келеді. Екінші қателік – 90-жылдары тәуелсіздігіміздіалысымен отарсыздандыру бағдарламасын қабылдап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды,қайта тірілтуді мемлекеттік деңгейде қолға алмадық. Үшінші себеп, қазақтың «ондатұрған не бар», дейтін жайбасарлығы шығар.
–«Мемлекеттік тілді тізеге баса отырып, мәжбүрлеп үйрету керек» дейтіндер мен «мемлекеттік тілді білуді міндеттесек, көпұлтты еліміздіңтыныштығын шайқалтып аламыз» дейтіндер бар. Қайтпек керек?
– Меніңше, ешкімді мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Тек қанақазақ тіліне деген қажеттілік жасау керек. Екіншіден, тіл мәселесі ұлттық не ұлтаралықмәселе емес, лингвистикалық мәселе екенін түсіну қажет. Керісінше, барлық өркениеттіелдер бір тілдің арқасында топтасып, бір тілдің арқасында тұрақтылықты сақтап,бір тілдің арқасында бірігіп отыр. Осы қарапайым шындықты мойындамағандарды бұлмемлекеттің азаматы деп айтуға болмайды деп білемін. Қазір, біріншіден,«Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдануы керек, тез арада «Қазтестіні» енгізіп(оның дайындалғанына жеті-сегіз жыл болыпты, кімді күтіп отырмыз?!), қызметке тұратын,оқуға түсетін жандардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтап, сол арқылы ғана жұмысістеуге, оқуға мүмкіндік берілуі қажет. Мемлекеттік органдардағы аударма қызметіөз жұмысын толық тоқтатуы шарт.
– Орыс тілін ресми тіл деп жатамыз. Бұл осылай созылып кете бере ме?
– Конституциямызда «Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқаруоргандарында орыс тілі ресми тіл есебінде қазақ тілімен қатар жүреді» деген сөйлембар. Демек, заң бойынша, бұл екі жерденбасқа субъектілерде (банктер, дүкендер, т.б.) тек қазақ тілі қолданылуы керек. «Аллағасерік қоспа» дегендей, мемлекеттік тілдің қасына орыс тілін тықпаламау керек.Демек, бұл баптың алып тасталынуы талассыз мәселе.
– Елімізде тілдерді дамытудың 2011-20 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданғанеді. Қазір Қазақстан халқының қанша пайызы қазақ тілін меңгерген?
– Соңғы мәлімет бойынша, қазақ тілін меңгергендер – 83 пайыз. Бұл министрдіңаузынан шыққан ресми мәлімет. Бірақ өз басым қазақстандықтардың қаншасымемлекеттік тілді меңгерді дегенге көңіл бөлудің қажеті жоқ деп есептеймін. Қазақтілін меңгергендер 5 пайыз болса да, бұл – заң арқылы бекітілген мемлекеттіңтілі. Оны білу және қолдану барлық азаматтардың міндеті болып табылады. Тағы дақайталаймын, басты мәселе – қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік жасау. Бұл –мемлекеттің міндеті. Ал мемлекеттің сол қажеттілікті жасауға деген ниеті болмаса,оны қазақ халқының өзі жасайды. Ол күн де алыс емес.
Сұхбаттасқан Күлтегін БЕК