Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:21, 05 Наурыз 2024

Досаев 475 миллионға жер сілкінісінен хабардар ететін жаңа жүйе орнатпақ

Алмаьы әкімі
Фото:

Бүгін Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісі туралы ахуал қаралды. Қала әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісіне қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Досаевтың айтуынша, Алматыда мамыр айының соңына дейін халықты төтенше жағдайлар туралы жаппай хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы мамыр айының соңына дейін Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, «Mass Alert» қағидаты бойынша мобильді құрылғылар арқылы халықты жедел хабардар ету жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жұмысты қазір Алматы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар министрліктері бірлесіп жүргізуде. Дәстүрлі SMS-ке қарағанда, Cell Вroadcast технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамай, базалық станциялардың антенналарын қамту аймағында орналасқан барлық абонент үшін бірден жаппай хабарлама жіберуге мүмкіндік береді, деді Досаев. 

Ал, factcheck.kz мәліметінше, бұл жүйені орнатуға 475 миллион теңге бөлінеді.

Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов