Қоғам

Дзюдодан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Дзюдо

Аталған байрақты бәсекеде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер

60 келіге дейін: Елдос Сметов66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев

73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов

81 келіге дейін: Алмат Әділет90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байкамуров

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова

57 келіге дейін: Дана Әбдірова63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

70 келіге дейін: Ажар Асхат

78 келіге дейін: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз